Тарау
бойынша ағымдағы бақылау тапсырмалары мен
сұрақтары
Модуль 1.
1-тарау
бойынша ағымдағы бақылау тапсырмалары мен
сұрақтар (Жазбаша
коллоквиум)
1. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы курсы не
меңгертеді?
2. Бұл курстың мақсаты мен міндері қандай?
3. Оқу пәні ретінде негізгі компоненттері
4. Басқа қандай ғылымдармен байланысы бар?
5.Табиғатты зертеу әдістерінің
түрлері қандай?
2-тарауға тест
тапсырмалары:
1. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет
қай жылы енгізілді?
А) 1786ж
В) 1788 ж
С) 1917ж
Д) 1907ж
Е) 1911ж
2. «Табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл
және ең пайдалы логика» -деген кімнің пікірі?
А) К.Ю.Ушинский
В) Л.С.Севрук
С) А.А.Перротте
Д) А.Я.Герд
Е) М.Жұмабаев
3. 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына қандай жаңа
әдістер енгізілді?
А) эксперимент пен демонстрациялау
В) тәжірибе қою және бақылау
С) талдау жасау
Д) сөздік әдістер
Е) көрнекілік
4. Б.Е.Райков 1911 жылы жаратылыстануды оқытуда қандай
әдісті ұсынды?
А) тәжірибе-зерттеу
В) сурет салу
С) бақылау
Д) экскурсия
Е) түсіндіріп жазу
5. А.Я.Гердтің бастауыш мектепке арнап жазған
оқулығы:
А) заттық сабақтар
В) табиғаттану
С) зоология
Д) ботаника
Е) адам
6.Жаратылыстануды оқыту әдістемесіне Л.С.Севрук қандай
үлес қосты?
А) жеке тақырыптарға әдістемелік
нұсқау жазды
В) жаттығулар орындауға әдістемелік нұсқау
жазды
С) тақырыптық кештің әдістемесін жазды.
Д) үйірмені ұйымдастырды
Е) коллекция даярлады
7. Ең алғашқы бағдарлама және әрі
оқу - әдістемелік құралдың авторы кім?
А) В.Ф.Зуев
В) Л.С.Севрук
С) А.А.Перротте
Д) А.Я.Герд
Е) К.Ю.Ушинский
8. Төменгі қай әдіскер кеңестік кезеңде
үлкен үлес қосқан әдіскерлер қатарына
жатпайды?
А) В.Ф.Зуев
В) А.А.Половинкин
С) К.П.Ягодовский
Д) К.А.Сонгайло
Е) С.А.Павлов
9. XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектепте жаңа
бетбұрыстар жасау кімнің есімдерімен байланысты?
А) П.А Завитаев, М.Н.Скаткин, А.А. Перротте
В) В.Ф.Зуев, Л.С.Севрук,
Д.Н.Кайгородов
С) А.А.Перротте, А.Я.Герд, В.А.Герд
Д) Д.Н.Кайгородов, Б.Е.Райков, В.М.Шимкевич
Е) К.Ю.Ушинский, Л.С.Севрук, Д.Н.Кайгородов
10. С. А.Павлов қандай идеяны насихаттады?
А) тірі табиғат бұрышын
ұйымдастыру
В) эксперимент жасау
С) бақылау жасау
Д) экскурсия жасау
Е) класта оқыту
11. «Білім
дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып
білу»-деген кімнің пікірі?
А) Ы. Алтынсарин
Б) А.Байтұрсынов
С) Ш. Уалиханов
Д) Ж.Аймауытов
Е) М.Дулатов
12. Қазіргі таңда дүниетануды оқыту
әдістемесімен айналысатын ғалым -әдіскерлер қайсысы?
А) Қ Аймағамбетова, К. Жүнісқызы
В) А.Бегенов, Ә.Әметов
С) Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев
Д) Т.Мұсақұлов
Е) Т.Сабыров
13. Ж.Аймауытов өз еңбектерінде табиғатты танып
білуде қай әдісті көп
насихаттады?
А) Бақылау
В) Тәжірибелеу
С) Оқулық арқылы
Д) Әңгімелесу
Е) диафильм көрсету
14.«Бала бір затпен танысатын болса, сол зат туралы сөйлеп ғана
қоймай, алып келіп көрсет,
көрсетіп ғана қоймай, сол заттың суретін салдыр,
Суретпен ғана қанағаттанбай, балаларға балшықтан
затты жасат, сонда әсердің күшті болып, іскерлікке
дамытудың бір шарт осы»
Бұл кімнің пікірі?
А) М. Жұмабаев
Б) А.Байтұрсынов
С) Ш. Уалиханов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) М.Дулатов
А) Дамыта оқыту
В) Тестік оқыту
С) Түсіндіріп оқыту
Д) Қашықтықтан оқыту
Е) Компьютер арқылы оқыту
16.«Табиғат зор тұтас әлем, одан тысқары ештеме
болуы мүмкін емес»-деп, қай
әдіскер-ғалым жазған?
А) Ж.Аймауытов
В) А.Байтұрсынов
С) Ш. Уалиханов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) М.Дулатов
17.«Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға
тырыстым»-кімнің, қай еңбегінен алынған?
А) М.Жұмабаев «Педагогика
оқулығы»
Б) Ж.Аймауытов «Комплексті оқыту жолдары»
С) А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»
Д) Ж.Аймауытұлы «Психология»
Е) Ы.Алтынсарин «Кел ,балалар оқылық»
18.«Кез-келген фактіні толық зерттеп білгіміз келсе, оны
бақылау керек» Кімнің пікірі?
А) Ж.Аймауытов
Б) А.Байтұрсынов
С) Ш. Уалиханов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) М.Дулатов
19. «Комплекспен
оқыту жолдары» атты әдістемелік нұсқаудың авторы
кім?
А) Ж.Аймауытов
Б) А.Байтұрсынов
С) Ш. Уалиханов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) М.Дулатов
20. 1968 жылы
ҚР ең алғаш жазылған 2-сыныпқа арналған
«Табиғаттану» оқулығының авторы кім?
А) Қ Аймағамбетова
В) К. Жүнісқызы
С) С.Оспанов
Д) Т.Мұсақұлов
Е) Т.Сабыров
3-тарау
бойынша ағымдағы бақылау тапсырмалары мен
сұрақтар (жазбаша
коллоквиум)
1-нұсқа
1. Дүниетану пәнінің мазмұнын сипаттап бер
2. Дүниетану пәнін оқыту қандай 2 бағытта
жүзеге асады?
3. Дүниетану пәнінің құрылымы қандай?
4. Пәннің ерекшеліктері?
5. Қазіргі кезде пәнді оқытудың мәні
қалай өзгерді?
2-нұсқа
1. Бастауыш класта дүниетану пәнін оқыту бағыттары
қалай жүзеге асады?
2. «Табиғат–адам–қоғам» арасында диалектикалық
бірлікті жүйе екендігін түсіндір.
3. Табиғат жайлы білім қалай қалыптасады?
4. Материалдарды іріктеу қандай принциптерге негізделеді?
5. Өлкетану принципі не
береді?
4-тарау
бойынша ағымдағы бақылау тапсырмалары мен
сұрақтар (жазбаша
коллоквиум)
1-нұсқа
1. Дүниетану пәні арқылы қандай тәрбие
беріледі?
2. Адамгершілік тәрбиенің берілу жолдары қандай?
3. Эстетикалық тәрбие қалай жүзеге асады?
4. Шығармашылық қабілеттердің дамуы қалай
жүзеге асады?
5. Тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу
пәнінің ролі.
2-нұсқа
1.Пәннің дүниетанымдық көзкарасын
қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қалай
түсіндіесің? Нақты мысалмен.
2. Баланың логикалық ойлауы қандай кезеңдер
арқылы жүзеге асады?
3. Пәннің эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі
4. Пәннің
экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі
5. Баланың жан-жақты дамуына табиғаттың
әсерін түсіндір.
5-тарауға тест
тапсырмалары:
1. Дүниетану ұғымдары қалай жіктеледі?
А) жалпы, жинақы, жеке
В) материалдық, мағлұмат
С) географиялық, экологиялық
Д) экологиялық, ұлттық,биологиялық
Е) әдістемелік, жалпы, жеке
2. Дүниетану сабағында білімнің қалыптасу
кезеңі...
А)
қабылдау-түсінік-ұғым-білім
В) жаттау-қабылдау-білім
С) сезіну-түсіну-бағдарлап оқыту
Д) сызба-тірек жүйесі
Е) адам-қоғам-табиғат
3. Логикалық ойлаудың кезеңдеріне қайсысы жатпайды?
А)
оқулықтағы материалды жаттап алу
В) фактілер мен құбылыстарды бақылау
С) жауапты іздеу үшін
мәселе қою
Д) бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар
жасау
Е) дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп жауапты
нақтылау
4. Оқу материалын іріктеу принципіне қайсысы жатпайды?
А) сағат санын қосу
В) тәрбиелік
С) көрнекілік
Д) бірізділік
Е) өлкетану
5. Табиғат обьектілері мен суреттері, бейнелі құралдар
арқылы оқыту, көріністерді тікелей бақылау, көру
негізінде пайда болған қай ұғымдар?
А) есте сақтау ұғымдары
В) елестету ұғымдары
С) географиялық
Д) жалпы және жинақы ұғымдар
Е) жеке ұғымдар
6. Ұғым қай кезде нақты болады?
А) обьектінің сыртқы кейпін
қалай дәл берсе
В)
түсіндіру кезінде
С)
әңгімелеу барысында
Д)
түсіндіруден кейін суретін көрсету кезінде
Е) құбылыс не обьекті туралы бұрын ақпар
болған жағдайда
7.Төмендегі қайсысы жеке ұғым болып табылады?
А) Еділ өзені
В) Бұталар
С) жабайы жануарлар
Д) таулар
Е) ағаштар
8. Төмендегі қайсысы жалпы ұғым болып табылады?
А) Бұталар
В) Еділ өзені
С) Ащы көл
Д) Астана
Е) Солтүстік мұзды мұхит теңіздері
9. Төмендегі қайсысы жинақы ұғым болып
табылады?
А) Тынық мұхит теңіздері
В) Еділ өзені
С) мұхиттар
Д) таулар
Е) ағаштар
10. Ұғымдар мен түсінікті қалыптастырудың
қандай, қанша жолы белгілі?
А) 2 жолы, тікелей және жанама.
В) 1 ғана жолы, тікелей
С) көп жолы, жанама
Д) еш жолы жоқ
Е) 3 жолы, түрлі әдістермен
6-тарауға тест
тапсырмалары:
1.Оқыту әдісі дегеніміз не?
А) белгілі мақсатқа жету үшін
жасалатын реттелген іс-әрекет
В) оқу процесіндегі әртүрлі іс-әрекет
С) білім берудегі түрлі әдіс-тәсілдер әрекеті
Д) тек тәрбие беру үшін жасалатын іс- әрекет
Е) тек жетекшілік етудегі іс-әрекет
2. Оқыту әдістерінің негізгі классикалық
топтастыру нұсқасы
қайсысы?
А) сөздік, практикалық,
көрнекілік
Б) бақылау, зерттеу, эксперимент
С) баяндау, әңгімелеу, әңгіме
Д) салыстыру, дидактикалық ойын
Е) лабораториялық, практикалық
3. Дүниетану сабағындағы әңгіме әдісі
түрлеріне қайсысы жатпайды?
А) тиянақтау
В) сурет бойынша
С) экскурсия бойынша
Д) жасалған тәжірибе негізінде
Е) жүргізілген бақылау негізінде
4. Қай әдісте сабақ кезінде оқушылар тыңдап
материалды саналы түрде қабылдайды?
А) сөздік
Б) көрнекілік
С) практикалық
Д) бақылау
Е) лабораториялық
5. Төмендегі көрсетілген қайсы сөздік әдіске жатады?
А) түсіндіру
В) демонстрация
С) бақылау
Д) эксперимент
Е) практикалық жұмыс
6.Сөздік әдістер түрлеріне қайсысы жатпайды?
А) эксперимент
В) әңгімелеу
С) оқулықпен жұмыс
Д) әңгіме
Е) баяндау
7. Бақылау әдістерінің түрлеріне қайсысы
жатпайды?
А) оқулықтағы тапсырмалар
Б) тірі табиғат бұрышында
С) табиғаттағы жекелей объектілерді
Д) тәжірибе алаңында
Е) географиялық алаңында
8. Әңгіме әдісінің бірінші типі қалай
аталады?
А) фактілі баяндау
В) иллюстративтік әңгіме
С) мазмұнға байланысты
Д) сұрақ төңірегіндегі
Е) бақылауды баяндау
9. Әңгіме әдісінің екінші типі қалай аталады?
А) иллюстративтік
В) фактілі баяндау
С) мазмұны бойынша
Д) сұрақ төңірегінде
Е) бақылаудан соң
10.«Адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес,
бақылаулар, салыстырулар, тәжірибелер арқылы игереді»-деген
кімнің пікірі?
А) А.Я.Герд
В) Л.С.Севрук
С) А.А.Перротте
Д) А.Я.Герд
Е) К.Ю.Ушинский
11. Оқытуды ұйымдастырудың формасына қайсысы
жатпайды?
А) тірі
табиғат бұрышындағы сабақ
Б) класс сабағы
С) сабақтан тыс, кластан тыс жұмыстар
Д) лабораториялық-практикалық сабақ
Е) үй жұмысы, экскурсия
12. «Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе
бір жаңалық болуы керек» – деген пікірдің авторы кім?
А) Ж. Аймауытов
В) Л.С.Севрук
С) Ы.Алтынсарин
Д) А.Я.Герд
Е) К.Ю.Ушинский
13. Шығармашылық әрекет арқылы не
қалыптасады?
А) қабілеттер
Б) белсенділік
С) шапшаңдық
Д) бойы өседі
Е) әрекетсіздік
14. Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы...
А) сабақ
В) экскурсия
С) практика
Д) кеңес
Е) үй жұмысын орындау
15.Сабақ барысында оның құрамды
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен
жүзеге асуы қалай аталады?
А) сабақ құрылымы
В) жаңа сабақ
С) сабақ біртұтастығы
Д) сабақ конспектісі
Е) сабақ жоспары
16. «Сабақ мұғалімнің жалпы және педагогикалық
мәдениетінің бет-бейнесі, оның интеллектілік
байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің,
эрудициясының көрсеткіші».
А) В.А.Сухомлинский
В) Л.С.Севрук
С) Ы.Алтынсарин
Д) А.Я.Герд
Е) К.Ю.Ушинский
17. Дүниетану пәнін оқыту барысында
шығармашылық негіздегі тапсырмалар қалай жіктеледі?
А) лезде шешілетін
және ұзақ мерзімді
В) тілдік және манипуляциялық
С) тек тілдік тапсырмалар
Д) аралас және тілдік
тапсырмалар
Е) ұзақ мерзімді
және манипуляциялық
18. Лезде шешілетін тапсырмалар қандай топтарға жіктеледі?
А) тілдік, манипуляциялық, аралас
В) сөздік,заттық,аралас
С) аралас, сөздік, заттық
Д) тілдік, сөздік
Е) заттық, сөздік
19.Табиғатта кез-келген мақсатты бақылау жүргізу
барысында бала бойындағы қандай қасиеттердің дамуына көмектеседі?
А) байқампаздық,ұқыптылық,әсершіл
Б)
жанашырлық,сүйіспеншілік
С) қиялдау,елестету
Д) өтірікші,жалқаулыққа,енжарлық
Е) жауапкершілікке
20. Балалардың танымдық әрекетінің қанша
деңгейі болады?
А) 4
В) 3
С) 2
Д) 1
Е) 5
Модуль 2.
7- тарауға тест
тапсырмалары:
1. Сабақтың барысында оның құрамды
кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен
жүзеге асуы қалай аталады?
А) сабақ құрылымы
В) сабақ біртұтастығы
С) жаңа сабақ
Д) қорытындылау сабақ
Е) аралас сабақ
2. Дүниетану пәні бойынша ерекше сипаттағы сабақ
типтері қандай?
А) түсіндіріп оқыту, заттық,
тәжірибе көрсету сабақтары
В) аралас, жаңа сабақ, бекіту сабақтары
С) жарыс, пікірсайыс, конференция сабақтары
Д) қорытындылау сабақ, бекіту, бақылау сабақтары
Е) экскурсия, бақылау, аралас сабақтар
3. Түсіндіріп оқыту сабақтары қанша типке бөледі?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 1
4. Айналадағы материалдық дүниені құрайтын
жеке заттар туралы сабақтар қалай аталады?
А) заттық сабақтар
В) түсіндіріп оқыту сабағы
С экскурсия сабағы
Д) тәжірибе соңынан оқыту
Е) әңгіме соңынан оқыту
5.Дидактикалық мақсаттар мен оқыту әдістеріне
қарай сабақтардың типіне қайсысы жатпайды?
А) жарыс, конкурс сабақтары
В) жаңа білім беретін сабақтар
С) білім мен дағдыны жетілдіретін, тиянақтайтын сабақтар
Д) білімді тексеру сабақтары
Е) аралас сабақтар
6.Сабақтың басталуын ұйымдастыру, үй тапсырмасын
тексеру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою,
жаңа материалды түсіндіру, оны пысықтап, бекіту,
сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру. Бұл
қай сабақ құрылымы?
А) аралас сабақ
Б) жарыс, конкурс
С) жаңа білім беретін,
Д) білім мен дағдыны жетілдіретін, тиянақтайтын сабақ
Е) білімді тексеру сабағы
7.Сабақты ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа
дайындау, сабақтың
мақсаты мен
міндеттерін қою, жаңа
материалды түсіндіруге оқушыларды дайындау, жаңа материалды
түсіндіру, сабақты қорытындылау және үйге
тапсырма беру. Бұл қай сабақ құрылымы?
А) Жаңа білімді хабарлау сабағы
Б) жарыс, конкурс
С) аралас сабақ
Д) білім мен дағдыны жетілдіретін, тиянақтайтын сабақ
Е) білімді тексеру сабағы
8. Заттық сабақтарды өту қанша кезеңдерге
бөлінеді?
А) 6
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 5
9.Мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына
негізделген көрнекі құралдарды қарастыра отырып
оқыту қанша кезеңнен тұрады?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 6
10. Көрсету, оның атын айту, оның бөліктерін
бақылау және қабылдау, басты және көмескі, жеке
бөліктерін қарау, жаңа заттарды бұрын танысқан
заттармен салыстырып, ұқсас және айырықша белгілерін
анықтау, жинақтап-қорыту, оқулықтағы
әңгімені оқу, суретін салу. Қай сабақтың
кезеңдері?
А) заттық сабақтар
В) бақылау негізінде оқыту сабағы
С экскурсия соңынан оқыту сабағы
Д) тәжірибе соңынан оқыту сабағы
Е) әңгіме соңынан оқыту сабағы
11. Мұғалім сабаққа дайындалғанда
қандай үш нәрсені анықтап алуы керек?
А) сабақ мазмұнын, оны өткізу
әдістерін, сабақтың құрылымын
В) әдебиет көздерін, көрнекіліктер, оқулық
қарау
С) сұрақтар, кестелер, кеспелер
Д) сабақты өткізіу әдістерін, сұрақтар,
конспектісін
Е) сабақ құрылымын, әдістерін, әдебиеттер
алдағы сабақтың мазмұнын, оны өткізудің
әдістерін және сабақтың құрылымын.
12. Мұғалімнің сабаққа даярлану
жұмысының ең жауапты бөлігі?
А) сабақ жоспары мен конспектісін жасау
В) тақырыптық жоспар мен әдебиеттер қарау
С) сабаққа көрнекілік даярлау
Д) сұрақтар даярлау
Е) конспекті даярлау
13. «Сабақ жоспары- мұғалімнің жеке
творчестволық лабораториясын бейнелейтін документ»-кімнің
сөзі?
А) В.А. Сухомлинский
Б) А. Байтұрсынов
С) М.Жұмабаев
Д) Ж.Аймауытов
Е) К. Ушинский
14. Сабақтың жемісті өтуі неге байланысты?
А) мұғалімнің алдын-ала
дайындығына
В) көрнекілік пен техникалық құралдарға
С) әңгімелеп түсіндіруге
Д) көркемдеп жеткізу
Е) оқушылардың белсенділігіне
15. Баланың ойлау қабілетін дамытатын элементтер мен
логикалық ойлауына мүмкіндік жасайтын әрекеттер
сабақтың қай мақсаты бойынша жүзеге асады?
А) дамыту
В) білімділік
С) тәрбиелік
Д) шығармашылық
Е) өзіндік
16. Мұғалімнің сабағына еніп, сабақты талдау
бірқатар қандай
қызметтерді жүзеге асырады?
А) бақылау, оқыту, тәрбиелеу
Б) жұмыстарына моральдық кедергі келтіру
С) сынау, талдау, ескерту
Д) мадақтау, деңгейін анықтау
Е) оқушы білімін, мұғалім әдістемесін анықтау
17. Сабақты талдауда қарастырылатын талаптар қанша?
А) 3
В) 4
С) 5
Д) 2
Е) 6
18. Сабақты талдауда қарастырылатын талаптардың ішіндегі
1-талабын көрсет:
А) оқылатын материалдың ғылымилығы, оның
бағдарламаға сәйкестігі
В) оқытудың әдістері озық тәжірибе мен
ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі
С) мұғалімнің іскерлік және этика нормасына сай
сапалары
Д) мұғалімнің тілі, сөйлеу мәдениеті
Е) оқылатын материалдың бағдарламаға сәйкестігі
19. Сабақты талдауда қарастырылатын талаптардың ішіндегі
2-талабын көрсет:
А) оқытудың әдістері озық
тәжірибе мен ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі
педагогикалық шеберлікті көтеруге нақты ұсыныстар
берілуі
В) оқылатын материалдың ғылымилығы, оның
бағдарламаға сәйкестігі
С) мұғалімнің іскерлік және этика нормасына сай
сапалары
Д) мұғалімнің тілі, сөйлеу мәдениеті
Е) оқылатын материалдың бағдарламаға
сәйкестігі
20. Сабақты талдауда қарастырылатын талаптардың ішіндегі
3-талабын көрсет:
А) мұғалімнің іскерлік
және этика нормасына сай сапалары, оның тілі, сөйлеу
мәдениеті
В) оқылатын материалдың ғылымилығы, оның
бағдарламаға сәйкестігі
С) оқытудың әдістері озық тәжірибе мен
ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі
Д) мұғалімнің тілі, сөйлеу мәдениеті
Е) оқылатын материалдың бағдарламаға
сәйкестігі
8-тарауға тест
тапсырмалары:
1. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстарға
қайсысы жатпайды?
А) аралас сабақ
В) ауа райын және фенологиялық бақылау
С) тәжірибе қою
Д) үй жұмысын орындау
Е) түрлі қосымша кітаптар оқу
2. Үйдегі оқу жұмысын ұйымдастырудың
қанша шарттары бар?
А) 8
В) 4
С) 5
Д) 2
Е) 6
3. Оқушылардың түсінік пен ұғымдарды,
іскерлікпен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі
және өлі табиғат обьектілерін тікелей қабылдауы .....
А) бақылау
В) жаттығ
С) баяндау
Д) экскурсия
Е) тәжірибе қою
4. Табиғатты өздігінен танып-білудің бірден – бір
негізгі әдісі...
А) бақылау
В) жаттығу жасау
С) баяндау әдісімен
Д) практикалық жұмыстармен
Е) сұрақ-жауап әдісімен
5. Экскурсия кезінде тапсырманы орындауда зейінді неге аудару шарт?
А) көзге көріне қоймайтын
белгілерге
В) табиғатты ұзақ бақылауға
С) оқулықтағы
суретпен салыстыруға
Д) практикалық жұмысқа
Е) бақылау күнделігіне
6. Дүниетану сабағын толықтыратын оқыту формасы
қайсысы?
А) кластан тыс оқу түрлері
В) тірі табиғат мүйісіндегі жұмыс
С) экскурсия
Д) жекеше орындалатын жұмыс
Е) үйірме жұмысы
7. Үйірме ұйымдастыру кластан тыс жұмыстың
қандай түріне жатады?
А) топтық
В) көпшілік
С) жеке-дара
Д) класта орындалатын
Е) үйде орындалатын
8. Кластан тыс орындалатын
жұмыстың формасына қалай жіктеледі?
А) жеке-дара, топтық, көпшілік
В) топпен, бүкіл класс болып
С) белсенді топ, белсенді оқушы
Д) жеке-дара, топпен
Е) жеке-дара, көпшілік
9. Жеке-дара орындалатын жұмыс...
А) зерттеу тапсырмалары және бақылау
В) бейнефильмдер көрсету
С) кеш ұйымдастыру, өткізу
Д) құстар күнін өткізу
Е) «Алтын күз» мерекесін өткізу
10. Экскурсия кезінде
қалыптасатын тәрбиелер...
А) барлығы
В) табиғатты қорғауға
С) экологиялық
Д) патриоттық
Е) эстетикалық
11. Кластағы оқу жабдықтары қанша топқа жіктеледі?
А) 3
В) 4
С) 6
Д) 2
Е) 5
12. Табиғи
көрнекіліктерге қайсысы жатпайды?
А) суреттер, муляждар, модельдер
В) тірі өсімдіктер мен жануарлар
С) гербарийлер, жемістер мен тұқымдар коллекциялары
Д) консервленген және фиксацияланған обьектілер
Е) жануарлар және олардың мүшелерінің коллекциялары
13. Көлемді иллюстративті көрнекіліктерге қайсысы жатады?
А) модельдер және муляждар
В) көлемді суреттер
С) кестелер
Д) схемалар
Е) карталар.
14. Қосымша
құрал- жабдықтарға қайсылары жатады?
А)
лабораториялық жабдықтар, приборлар
В) суреттер,
плакаттар
С)
кестелер,сызбалар
Д) муляждар,
модельдер
Е) гербарийлер,
коллекциялар
15. Спиртте, формалинде, концентрациялы тұз, қантты
ерітінділерде орналасқан жануар, өсімдіктер немесе олардың
жеке мүшелері бар көрнекілік түрі қалай аталады?
А) ылғал препарат
В) муляждар
С) модельдер
Д) гербарий
Е) глобус
16. Түрлі қағаздардан, маталардан,
тұқымдардан құрастырылған, жабыстырылған
белгілі бір заттың бейнесі бейнеленген көрнекілік қалай
аталады?.
А) аппликация
В) муляждар
С) модельдер
Д) гербарий
Е) ылғал препарат
17. Зат пен оның құрылысының барлық
детальдарын сол қалпында қайталайтын көшірмесі қалай
аталады?
А) модель
В) муляждар
С) аппликация
Д) гербарий
Е) ылғал препарат
18. Иллюстративті көрнекіліктерді
қандай топқа топтастыруға болады?
А)
көлемді және бейнелі-жазықты
В) суреттер,
плакаттар
С)
кестелер,сызбалар
Д) муляждар,
модельдер
Е) гербарийлер,
коллекциялар
19. Флюгер қандай құрал?
А) жел бағытын анықтайды
В) көкжиек тұсын
анықтайды
С) жауын-шашын мөлшерін анықтайды
Д) ауа райын бақылайтын
Е) жер сілкінуді болжайтын
20. Күннің түсу уақытын, көкжиек
бағытын анықтайтын құрал...
А) гномон
В) флюгер
С) компас
Д) глобус
Е) термометр
9-тарау
бойынша ағымдағы бақылау тапсырмалары мен
сұрақтар
(жазбаша бақылау)
1. Пысықтау
бөлімінің қажеттілігі қандай?
2. Білімді бағалау әдістері, оны дұрыс ұйымдастыру
әдістемесі.
3. Білімді тексеру әдістері қандай?
4.Дүниетанудан білімді, іскерлікті және дағдыларды
тексеруді ұйымдастыруға қойылатын критерийлер?
5. Оқушылардың білімін тексерудің тәсілдерін ата.
Қалай жүзеге асырады?
10-тарауға тест
тапсырмалары:
1. Мұғалімнің сабақты екі немесе үш класта
қатарынан жүргізу қалай аталады?
А) шағын комплектілі мектеп
В) бастауыш мектеп
С) ұзартылған топ
Д) факультативті сабақ
Е) элективті сабақ
2. Шағын комплектілі мектепте қандай әдіс басым
түседі?
А) өз бетінше жұмыс
В) әңгіме
С) бақылау
Д) түсіндіру
Е) экскурсия
3. Шағын комплектілі мектептегі бастауыш класс
оқушыларының физиологиялық тұрғыда ерекшелігіне байланысты қандай талап
қойылады?
А) іштен оқу
В) дауыстап оқу
С) жаттау
Д) бірне бірі түсіндіру
Е) барлығы дерлік мұғалімді тыңдау
4. Шағын комплектілі мектептерде оқытуда қандай негізгі
мәселе тұрды?
А) бір пәнділікпен оқыту
В) негізгі мектепке көшіру
С) оқу кабинетін көбейту
Д) интернат ашу
Е) сабақ кестесін жүйелеу
5. Шағын комплектілі мектепте дүниетану сабағын өту
қай принципті мықтап сақтауды қажет етеді?
А) қарапайымнан күрделену
В) өлкетану
С) бірізділік
Д) ғылымилық
Е) жаттау
6. Шағын комплектілі мектептің
көңіл бөлетін ерекшеліктері....
А) өзбетінше жұмыстардың
логикалық жүйесін құру
В) біркелкі түсіндіру
С) жеке тапсырмалар беру
Д) жаппай сұрау
Е) бірдей тапсырма бойынша жеке жұмыс жасау
7. Шағын комплектілі мектептің екінші бір ерекшелігі
А) мұғаліммен оқушылардың
өзара ынтымақтастығы
В) жекелей танымдық талаптың орын алуы
С) жеке тапсырмалар беру
Д) әр кластағы оқушылардың
ынтымақтастығы
Е) бірдей тапсырма бойынша жеке жұмыс жасау
8. Балалардың дайындық деңгейін және олардың
өзбетімен жұмыс жасай білуін, жаңа материалдың
қиындық деңгейін, оның әр класс үшін
дидактикалық мақсатын ескеру қандай мәселені шешеді?
А) сабақ уақытын дұрыс
бөлуді
В) сапалы сабақ түсіндіруді
С) көрнекіліктерді жүйелі қолдануды
Д) өзіндік жұмыстардың дұрыс орындалуын
Е) сабақ кестесін жүйелеуді
9. Шағын комплектілі бастауыш
оқушыларымен туындайтын ерекше мәселе...
А) физиологиялық тұрғыда
зейіндері тұрақсыз
В) денсаулықтарының
төмендігіі
С) көрнекіліктердің жүйелілігі жоқ
Д) өзіндік жұмыстардың дұрыс орындалмауы
Е) сабақ кестесінің жүйесіздігі
10. Әр кластың өзінің танымдық міндеттері
болатынына орай, мұғалімге қойылатын талап.....
А) бірнеше
бағытта жұмыс жасау
В) біркелкі түсіндіру
С) жаппай тапсырма беру
Д) жаппай сұрау
Е) бірдей тапсырма бойынша жеке жұмыс жасау